PRINCIPAL COMPONENT ANALYSIS AND A MULTILINGUALCONSTRUCT TO DETERMINE THE UNDERGRADUATE MAJORSELECTION FACTORS
DOI:
https://doi.org/10.47344/0qw8wb89Кілт сөздер:
Негізгі компоненттік әдіс, факторлық әдіс, варимакс айналымы, сенімділік, мамандық таңдау, құрастыруАңдатпа
Бұл мақалада біз әртүрлі қолданбалы салаларда енгізілген сызықтық алгебрадан белгілі негізгі компонентті талдаудың артындағы математиканы қарастырамыз. Бағдарлама ретінде біз университет студенттеріне негізгі мамандық таңдау кезінде әсер ететін факторларды өлшейтін сауалнама жасаймыз. Бұл үш тілде, атап айтқанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген көптілді сауалнама. Осы мақсатта авторлар үш тілде 27 Likert шкаласынан тұратын сауалнама дайындады
және ол Қазақстандағы 314 студенттер арасында өткізілді. Өлшемділікті төмендету үшін негізгі компоненттік талдау Python арқылы есептелінді, нәтижесінде 22 негізгі элементтерден тұратын 9 ірі компоненттер алынды.
Тесттің жалпы сенімділігі 0,856 құрайды. Тоғыз шкалалар: ұлттық тестілеу нәтижесі әсері, мемлекеттік грант нәтижесі,жеке қызығушылық әсері,өз қабілетінің әсері, мамандықтың жалақысы әсері, мұғалімнің әсері, сыртқы әсер, университеттің құнынының әсері,ата-ананың әсері.