GAMIFICATION OF MEDICAL PROCESSES

Авторлар

  • Sh. Adilkhan Автор
  • Мадина Алиманова Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/wz31jr42

Кілт сөздер:

геймификациялау, виртуалды шындық, толықтырылған шындық, Unity 3D, Leap Motion

Аңдатпа

Қазіргі уақытта барлық қызмет салалары сандық
форматқа көшіп жатыр. Медицина да бұл салалардың қатарына кіреді. Емделу процессі көбінесе жағымсыз болғанына қарамастан, адам өмірі үшін аса маңызды. Медицинада VR технологиялары жиі қолданылады. Олар науқастарға ойын барысында өз денсаулығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Емделудің ойын түрі оның дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімділігі жоғары. Бұл мақалада біз кейбір аурулардан кейін оңалтудың геймификациялау әдістерін зерттедік, сондай-ақ, Leap Motion
технологиясын пайдалана отырып, науқастың қолдарын оңалту үшін ойын әзірледік. Қазіргі заманғы ойындар механикасы және мазмұны тұрғысынан
дамып келеді. Бұл, оларды тек ойын индустриясында ғана емес, медицина
саласында да пайдалануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи